Бұл туралы бүгін «Казахстансая правда» газеті хабарлады.
Нұрлан Еркінұлы Жанәбілов 1953 жылы Алматы қаласында туды. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірді 1980 жылы КСРО ІІМ Мәскеу академиясының адъюнктурасының күндізгі бөлімін тәмәмдады; 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын аяқтады. 1984-1998 жылдары Абай атындағы Қазақ педогогикалық институтында, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, құқық және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі, ҚР Құрылыс министрлігі Республикалық біліктілікті арттыру институтының бірінші проректоры болып еңбек етті.
1998 мамырдан бастап 2000 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларының орындалуы жөніндегі комитетінің департамент бастығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Заңшығару қызметі және мониторинг орталығының сектор меңгерушісі.
Бұл тағайындауға дейін Президент Әкімшілігінің бөлімі - «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының» меңгерушісі болып қызмет атқарды.