Нұрлыбек Жеңісбекұлы Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болды

Фото: Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұрлыбек Жеңісбекұлы тағайындалды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесін аппарат ұжымына таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Нұрлыбек Жеңісбекұлы 1988 жылы туған.

Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін бітірген.

Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясынан халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған.

Президент жастар кадр резервінің мүшесі. 

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасында тілші болып бастаған.

Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, сарапшы қызметін атқарған.

2013-2017 жылдар аралығында Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі болған.

2017 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, 2018 жылы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары, 2020-2022 жылдары аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2022 жылдың ақпан айынан осы тағайындауға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

«Биыл облыс әкімі аппаратының басшысы „А“ корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен мемлекеттік саяси қызметшілер санатына ауыстырылды. Нұрлыбек Жеңісбекұлы аппарат қызметіне қоса идеология, ішкі саясат, жастар саясаты және дін мәселелеріне жетекшілік етеді» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Нұрлан Жаңабаев Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болғанын хабарлаған едік.