100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрлыхан Шархан жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда ол Өзбекстан өкілі Ерназар Сарсенбаевты жеңді.
Ал Аруна Жангелдина (-78 кг), Аида Тойшыбекова ( 78 кг) және Марат Байқамуров (-100 кг) жұбаныш белдесулерінде күш сынасады.
Сондай-ақ Айдар Арапов (-90 кг) жұбаныш кезеңінде тайбэйлік Пенг-Ю Ченді жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Осыған дейін Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.