Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданы сәтті бастады

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан ерлер арасында Нұрлыхан Шархан алғашқы белдесуін өткізді.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Нәтижесінде 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз алғашқы белдесуінде бельгиялық Тома Никифоровтан айласын асырып, келесі айналымға өтті.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін дзюдодан 60 келі салмақта Елдос Сметов чемпион атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алған болатын.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Айта кетейік, бүгін, 1 тамызда Париж Олимпиадаcында қазақстандықтар спорттың 4 түрінен – садақ ату, нысана көздеу, дзюдо және бокстан жарыс жолына шығады. 

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

Медальдар кестесінде 16-орынға жайғасты.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК