«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы: 18 жыл елордада пәтер жалдаған отбасы Екібастұзға көшті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық 35 отбасы Екібастұзға қоныс аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы Ертіс»бағдарламасының кезекті көші Екібастұзға жол тартты. Жұмыссыздық пен баспанамашақатынан жалығып, жаңа тірлік бастауға ұмтылған жанұяларды әңгімеге тартыпкөрдік.

Өзін ДинараАяғанова деп таныстырған үш баланың анасы 18 жыл бойы пәтер жалдап келгенінайтады.

«Отбасымдаөзіммен қосқанда бес адам бар. «Нұрлы Ертіс» бағдарламасына ілінгенімізгеқуаныштымыз. Бұл бағдарламаның көпбалалы отбасылармен бірге 3 баласы бар бізгеде мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Нұр-Сұлтанда 18 жыл пәтер жалдап келдік. Негізі кезінде Ерейментаужақтан астанаға жұмыс іздеп көшкен болатынбыз. Еңбекақымыз күнделіктішығындардан аспағандықтан, үйге ақша жинай алмадық», - дейді ол.

Динара бұлбағдарлама туралы бірге жұмыс істеген әріптесінен естіген екен.

«Жұмыста біргеістеген Жайна деген әріптесім болды. Бір ай бұрын төрт баласымен осы бағдарламаарқылы Екібастұзға көшкен. Көпбалалы емес болса да, пәтер алуға болатынын солайтты. Құжат өткізіп едік, мақұлдады. Жолдасым соңғы сәтке дейін сенбеді. Мен оғанүй беретін болса, ештеңеге қарамай кететінімді айттым. Өйткені, 18 жыл бойыпәтер жалдап өмір сүру оңай емес. Күйеуім құрылысшы, өзімнің мамандығым заңгерболса да, ауруханада жұмыс істеймін. Олжақта бұл екі мамандыққа да сұраныс бар екен. Жаңа үйге барамыз, жаңа өмірбасталады деген көтеріңкі көңіл-күймен кетіп барамыз», - дейді үш баланыңанасы.


Ерлі зайыптыныңұзақ ойланып шығарған шешіміне кейбір жақындары қарсы болған көрінеді.

«Кіретін үйіміздітек интернеттен көрдік. Күзге дейін балаларды мектепке орналастырады депсендіріп отыр. Ол жақтан ел көшіп жатса, сендер неге барып жатырсыңдар деушілерде болды. Жаңа үй берсе, жұмыс ұсынса, неге бармасқа деп ойлаймын. Сондықтан даосындай шешімге келдік», - деді Динара Аяғанова.

Ал 6 баланыңәкесі Айдарбек Мәменов бұл шешімге балалардың қатты қуанғанын айтады.

«Өзімізбен бірге 10 сөмке жүк алып барамыз.Бәрі балалардың киім-кешегі. Ертеңге деген сеніммен көшіп барамыз деуге болады.Түрмеге бара жатқан жоқпыз ғой. Өзіміздің үйімізге бара жатырмыз. Бес жылданкейін ол үйді жеке басымызға аударып алуға болатыны айтылды. Барған соң көппенбірге көреміз. Елдің астанасын Екібастұзға айырбастадық деген өкініш жоқ. Баспана мен жұмыс болса, ол да қазақ жеріғой. Бәрінен де балалар өз үйіміз боладыдеп қуанып жүр», - дейді Айдарбек.


Оның отбасыТүркістан облысынан елордаға 7 жыл бұрын қоныс аударған екен.

«Екібастұзда үймен жұмыс береміз деп отыр. Өзім кран жүргізушімін. Әзірге айлығымыз қанша болатынын,қандай кәсіпорынға кіретінімізді әлі айтқан жоқ. Әйелім бала күтімі бойыншаүйде отыр. Ең кіші баламыз бірге жаңа толды. Үлкенінің жасы онда. Тегінбалабақша ұсынылып отыр. Мектеп жасындағыларға тегін форма береміз дегенуәделері бар. Бағдарлама өте дұрыс ойластырылған. Жеңілдіктері көпболғандықтан, үйренген ортамызды тастап, көшіп барамыз. Әйтпесе осы қаладакезегімізді күтіп отыра берер едік», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар