«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы не береді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамыр айынан бері елордадан Екібастұзға 137 отбасы қоныс аударған. Көшті қабылдап алушы тарап БАҚ өкілдеріне ол жақта бағдарламаға қатысшуылар қандай жеңілдіктерге ие болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Екібастұзға аталмыш бағдарлама бойынша 35 отбасы қоныс аударғанболатын. Бұл көшті Павлодар облысының әлеуметтік бағдарламаларды үйлестірубасқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов бастап бармақшы.

«Бүгін 35 жанұяны көшіріп әкетеміз. Оның 24-і көпбалалы. Жалпы жиыны 208адамды бірнеше автобуспен апарамыз. «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша 1мамырдан бүгінге дейін Нұр-Сұлтаннан Екібастұз қаласына 102 отбасы көшіп барды.600 адам қазір қоныстарына жайғасып, ересектерінің жартысынан астамы жұмыстауып үлгерді. Бағдарламаға ілігу үшін ол жақта тапшы мамандық бойынша жұмысістеуге келісу керек болады. Басты шарт осы. Ал бала саны 4-ке жетпейтін отбасыларғаекі бөлмелі пәтер береміз. Көпбалалы отбасыларға 3 бөлмелі ұсынып отырмыз», -дейді әкімдік өкілі.


«Нұрлы Ертіске» қатысушылар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» салған кірпішүйлерге жайғастырылып жатыр.

«Басында бұл үйлер басқа бағдарлама бойынша салынған болатын. Бірақ оныбанктің шарты бойынша алуға ниеттілер табылмады. Сондықтан «Нұрлы Ертіс»бағдарламасына бағыттағанбыз», - дейді Қайрат Нұрмағамбетов.

Басқарма басшысы аталмыш отбасыларға Екібастұзда қандай жағдай жасалатынында айтты.

«Қоныс аударушылар үшін көтерме өтем ретінде адам басына 88500 теңгетөленеді. Бір жыл бойы коммуналдық төлемдер мен аренда ақысын мемлекет төлепбереді. Бір жыл өткеннен кейін ғана өздері төлей бастайды. Аренда құны пәтердіңауданына байланысты. Егер пәтер 99 шаршы метр болса, айына 14 мың теңге шығадыдеген сөз. Екі бөлмелі үйге 10 мың теңдей болады. Оған 15 мың теңге коммуналдықтөлемдерді қосыңыз. Аренда үшін төлеген сома үйді сатып алу сомасына түсебереді. Яғни бес жылдан кейін ол үйді жекеменшікке рәсімдеу мүмкіндігі бардеген сөз», - дейді Қайрат Нұрмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар