«Бұл ретте шетелден келуге ниетті қандастарымызды жаңа өндірісті өңірлер мен ауыл шаруашылығы саласына кеңінен тартудың жолдары сараланып, қаралатын болады. Ол үшін шеттен келген мамандарды қажеттілікке байланысты орналастырып, қайта даярлау мен оқытуды қамтамасыз етеміз. Мемлекет бұдан әрі де шеттегі қандастарымызға қатысты қолдауын жалғастыра беретін болады»,-деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Нұрлы көш» бағдарламасының келесі кезеңі негізінен алғанда елдегі индустрияландырумен тығыз байланысты болатынын атап өтті.
Айта кетейік, «Нұрлы көш» шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің Атажұртқа қоныс аудару үдерісін реттейтін бағдарлама.