АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алатау ауданына қарасты «Алғабас» ықшамауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 46 мың шаршы метр болатын 740 пәтерге арналған 23 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс алаңына барып, дайын пәтерлерді аралап көрді.
Шаһар басшысы құрылыстың тапсыру мерзімін сақтау қажеттігін айтып, жүргізіліп жатқан ішкі және сыртқы жұмыстардың сапасына назар аударды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.