«Нұрлы жер»: Алтай Көлгінов құрылыс алаңдарында болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы қала басшысы Instagram-дағы жеке аккаунтында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Нұрлы жер»бағдарламасымен салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысыментаныстым. Құрылысшыларға абаттандыру жұмыстарын уақытылы жүргізутапсырылды. Жеткілікті дәрежеде көлік тұрағы ескеріліп, балаларға арналған ойынжәне спорт алаңдары болуы шарт. Қауіпсіздік үшін әрбір кіреберіс есіккебейнебақылау жүйесі алдын ала ойластырылуы тиіс», - деп жазды ол.

Айта кетейік, елордаәкімдігінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілгенотырысында жүктеген міндеттерін орындауға арналған кеңесөткен болатын. Онда А.Көлгінов бүгінде қалада 46 829 адам баспана кезегіндетұрғанын мәлім етті.

«Зерттеу қорытындысы көрсеткендей,ең негізгі әлеуметтік мәселе – тұрғын үй. Баспана кезегінде 46 829 адам тұр.Олардың ішінде көпбалалы отбасылардың саны – 3 501», - деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы бойынша 24 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылған. Бұлжұмыстар әлі да жалғаспақ.

«Биыл коммуналдық тұрғын үйқорынан 1634 пәтер бөлеміз. Оның 731-і арендалық негізде беріледі. Оның 233-інекөпбалалы отбасылар иелік ететін болады. Биыл барлығы 1500 тұрғын үйсертификатын беру жоспарлануда. Оның 1 мыңы көпбалалы, толық емес, мүгедекбалалары бар отбасыларға беріледі, 500 сертификат білім, денсаулық сақтау жәнеполиция департаментің қызметкерлеріне үлестіріледі», - деді Алтай Көлгінов.

Баспанамен қамту шаралары«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында да жалғасатын табатынын айтқан елордаәкімі, мемлекеттің бұл түрғыдағы мүмкіндігі шексіз емес екенін еске салды.

«Мемлекет бір мезетте барлығынабірдей баспана бере алмайды. Бірақ, біздің қолымызда басқа да тұрмыстықмәселелерді шешетін мүмкіндіктер бар», - деген еді ол.

Соңғы жаңалықтар