БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында қазақстандық азаматтар үшін 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.
Бұл құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Олардың жалпы ауданы - 15 372,6 шаршы метр.
Айта кетсек, Байқоңырда 2019 жылы аталған бағдарлама аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйлер пайдалануға берілген.
Сондай-ақ, алдағы уақытта жеке инвесторлар арқылы балабақшалар салу мәселесін қаралуда. Бұл онда орын жетіспеушілігін болдырмауға жол ашады. Облыс басшылығы тарапынан оған ынталы кәсіпкерлерді қолдау мәселесі қарастырылуда.
Алдағы уақытта Байқоңыр қаласындағы жылу-электр станциясы газға қосылады. Бұған байланысты қала әкімшілігі қажеттілікті ескере отырып тиісті шараларды қабылдады.
Қазір Байқоңырда 75 мыңнан астам адам тұрады. Оның 66 проценттен астамы — қазақстандықтар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.