«Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 2016 жылы 349,7 млрд. теңге бөлінді. Оның 171,3 млрд. теңгесі Ұлттық қордан бөлінген. Бүгінге дейін бөлінген қаржының 64 пайызы игерілді, оның 116,9 млрд. теңгесі Ұлттық қордан. Енді игерілуі тиіс 127 млрд. теңге көлеміндегі қаржы қалды, оның 54,4 млрд. теңгесі Ұлттық қордың ақшасы», - деді министр.
Оның атап өтуінше, 2016 жылға арналған автокөлік жолдары жобасының бюджеті - 329,7 млрд. теңге. Оның 151,3 млрд. теңгесі Ұлттық қордан (ҰҚ). Қаржыландыру жоспарына сәйкес, осы жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейінгі аралықта бөлінген қаржының 202,7 млрд. теңгесі игерілді. Игерілген қаржының 96,9 млрд. теңгесі Ұлттық қордан.
«Жыл соңына дейін қалған қаражат толықтай игеріліп бітеді. Бүгінге дейін 756 шақырым жолға асфальт және цемент бетон жабыны төселді», - деді Ж.Қасымбек.