«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілгені белгілі. Аталған бағдарлама аясында 11 автокөлік жолдары жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр», - А.Беков.
Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын аяқтау, «Орталық-Оңтүстік», Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс», «Алматы-Өскемен», «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды», «Астана-Петропавл», «Орал-Каменка», сондай-ақ «Астана қаласының оңтүстік айналма жолы», «Жетібай-Жаңаөзен» және «Үшарал-Достық» жобалары қолға алынады. Аталған жобалардың жалпы құны 2,4 трлн теңгені құрайды.
«Осының арқасында жалпы алғанда 7 мыңнан астам шақырымды қайта жаңарту жоспарлануда. Осы мақсаттарға Ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 301 миллиард теңге бөлінетін болады», - деді ол.