2016 жылы бөлінген қаржы негізінде қалада жылу және су жүйелері жөнделді. Мысалы, «Новая согра» ауылында 716 метр екіқұбырлы жылу желісі ауыстырылды. 9 монолитті темірбетон жылу желілік камералардың құрылысы орындалды. Тірек арматурасы алмастырылды. Қала үшін № 3 қазандықтан «Промбазаға» дейінгі жүргізілген жылу желісінің құрылысы да маңызды болатын.
Қала әкімі Ерлан Аймұқашевтің айтуынша, бағдарламаның барлық шешуші бағыттары бойынша, белсенді жұмыс жүргізілуде. Инфрақұрылым нысандары пайдалануға уақытында берілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Биылғы жылы Оңтүстік-ауыл көшесін сумен қамтамасыз ету жобасы бойынша пайда болған проблемалар шешілді. Қарашада су желісі құрылыстарымен байланысты жұмыстар аяқталып, 3,5 км сумен қамтамасыз ету желісі іске қосылып, оған 113 тұрғын үй жалғанған. Келесі жылы Лениногор көшесіндегі насос станциясын қайта жөндеу жұмыстары жалғасады. Оның қуаты сағатына 25,3 Гкал-ды құрайды. Сонымен қатар №2 қазандықтан бастап, 19 тұрғын үйге дейінгі аралықтағы магистральдық желілердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.