«Өздеріңіз білесіздер, Ұлттық қордан үш жылдың ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 млрд. АҚШ доллары бөлінеді. Оның сыртында «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлікті қолдауға 100 млрд. теңге бөлінген болатын. Енді «Нұрлы жол» бағдарламасы енгізген өзгерістердің арқасында осы 100 млрд-тың үстіне тағы 100 млрд. теңге қосылады деген жоспар бар. Бұл қаражат «Даму» немесе «Бәйтерек» қорлары арқылы банкілерге жеткізіліп, банк арқылы кәсіпкерлерге көмек болады», - деді ол.
Оның айтуынша, тағы бір айта кететін мәселе, дағдарыс кезінде барлық ішкі сұранысты өз ішімізде қалдыру қажет. «Яғни Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың тапсырыстарын сыртқа шығармай, өз кәсіпкерлерімізге бергізу қажет. Бұл туралы нақты бағдарлама бар. Қазіргі уақытта 280-ге жуық кәсіпорын бұл бағдарламаға кірген, оның тізімі қазір көбеюде. Бұл туралы Елбасы да нақты айтқан. Яғни «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынатын барлық нысандарды өзіміздің компаниялар салып, оларға қолданылатын барлық құрылыс материалдары өзіміздің кәсіпорындарда жасалуы тиіс. Осы жұмысты біз Үкіметпен бірге бақылауға алып, жоспар бойынша жүргізілуін қадағалаймыз», - деп түйді А. Мырзахметов.