«Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу-бір жол» бастамасы ҚР мен ҚХР-дың өзара ықпалдастығының жарқын көрінісі - Мәжілістегі кездесу

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Қабиболла Жақыпов ҚХР Бүкілқытайлық Халықтық-саяси консультативтік Кеңесі Төрағасының орынбасары Ван Чжэнвэймен кездесті.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қ.Жақыпов пен Ван Чжэнвей қос мемлекет басшыларының достық қарым-қатынасы арқасында екіжақты өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын сөз етті.

Кездесу қатысушыларының пікірінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» бағдарламасы мен КХР Төрағасы «Бір белдеу-бір жол» бастамасы ұзақмерзімді өзара ықпалдастықтың жарқын болашағының ортақ көрінісі.

Ван Чжэнвей сондай-ақ, Жібек жолының экономикалық белдеуін құру туралы КХР Төрағасы бастамасына біздің еліміздің көрсеткен қолдауын атап өтті.

Қабиболла Жақыпов мәртебелі мейманға Қазақстан Президентінің 5 институционалдық реформасы мен оны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары туралы және осы маңызды бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау туралы баяндап берді.

Жүздесу кезінде екі елді трансшекаралық су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмады. Қабиболла Жақыпов әзірленіп жатқан су бөлу туралы үкіметаралық Келісімнің екі елдің мүддесіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Мәжіліс Төрағасының сөзінше, Қазақстанның ҚХА мен Ұлттар ісі жөніндегі КХР Мемлекеттік комитеті арасында байланыс орнатуға деген қызығушылығын да атап өтті.

Ван Чжэнвэй Қытай елінің ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге дайын екенін жеткізді.