«Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасының биылға жоспарланған барлық көліктік-логистикалық және инфрақұрылымдық жобалары басталу сәтіне дайын. Атап айтқанда, бұл жобалар еш кідіріссіз іске қосылатын болады», - деді Б. Сағынтаев. Оның сөзіне қарағанда, ТКШ саласында 86 жоба іріктелініп алынды. Бюджеттік несиелер өңірлерге наурызда бөлінеді. Сәуірде жүзеге асыру шаралары басталады.
11:33, 11 Ақпан 2015
«Нұрлы жол» бағдарламасының жобалары еш кідіріссіз іске қосылады - Б. Сағынтаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасының биылға жоспарланған барлық көліктік-логистикалық жобалары басталу сәтіне әзір. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.