«Осыдан 15 жыл бұрын біз иен далада бүгін өздеріңіз көріп отырған жаңа астанамыз - Астана қаласын салдық. Қала қазақстандықтардың мақтанышына әрі біздің еліміздің экономикасының өсім драйверіне айналды және қазақстандықтардың мүмкіншілігін көрсетті. Біз елімізде де жаһандық проблемалардың жауабын табуға тырысудамыз», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы ол үшін Қазақстанның 2030, одан кейін 2050 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары әзірленгенін еске салып өтті. «Біздің жаһандық экономикадағы дағдарысқа нақты жауабымыз «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен индустриалды-инновациялық дамудың жалпы қамтымды мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Біздің «Нұрлы жол» бағдарламамыз Қазақстанды инфрақұрылым сапасы бойынша әлемнің көшбасшы 50 елінің қатарына қосуға бағытталған», - деді ҚР Президенті. Н.Назарбаев осы ретте еліміздің жер көлемі бойынша әлемде 9-ші орында тұрғанын форум делегаттарының қаперіне салып өтті.
11:44, 22 Мамыр 2015
«Нұрлы жол» Қазақстанды инфрақұрылым сапасы бойынша әлемнің көшбасшы 50 елінің қатарына қосуға бағытталған - Елбасы
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» Қазақстанды инфрақұрылым сапасы бойынша әлемнің көшбасшы 50 елінің қатарына қосуға бағытталған. Бұл туралы бүгін «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбындағы VIII Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.