«Астана тұрғындарына арналып «Нұрлы жол» вокзал кешенінде алғашқы қанатқақты жоба жүзеге асырылды. Яғни, вокзалға келген электромобил жүргізушісі өз көлігін осы жерден қуаттандырып ала алады», - дейді «Нұрлы жол» вокзал кешені директорының орынбасары Н. Аманжолов.
Жаңа электрмен қуаттандыру станциясы әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Ол 1 сағаттан 4 сағатқа дейін қуат береді. Бір мезетте станциядан төрт электромобил қатар қуат алады. Станцияға орнатылған қуат көзінің күші -51кВт.
«Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында токтың дииференциалды қорғанышы жасалған. 2 «Mennekes» ток айырғышы апаттық жағдайда ток көзінен ажыратылады», - дейді Н. Аманжолов.