«6 наурыз күні 00:00-ден 04:00-ге дейін Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалының аумағында лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығуларын өткізеді. Шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының көлік нысандарындағы лаңкестік көріністері кезінде жедел қимыл жасауға дайындығын тексеру», - делінген хабарламада.
Оқу кезінде вокзал аумағында, Байтұрсынов, Нәжімеденов, А 62 және А 82 көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы тоқтатылады.
Жаттығулар түрліше қиындықтағы әскери жағдайларға барынша жуықтатылған. Қауіпсіздік қызметтері күштік операцияларды өткізуге, сондай-ақ теракт салдарын азайту және жою дағдыларын жетілдіреді.