Ведомство ақпаратына сәйкес, 23 мамыр күні «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары А.А.Қасымханов ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалған. Оған қатысты 3 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдік келтірілуде.
19:40, 24 Мамыр 2017
«Нұрлы жолдың» 3 млрд теңгесін жымқырған «ҚазАвтоЖол» басшыларының бірі ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Павлодар облысының аумағында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Орталық-Шығыс» автомобиль жолын жаңғыртуға бөлінген бюджет қаржысының ұрлану қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.