Нұрмахан Тыналиев XVI жазғы Азиада чемпионы

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Грек-рим күресінен 120 келі салмақта белдескен қазақ балуаны Нұрмахан Тыналиев ақтық сында қытай спортшысын ұтып, Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ақтық сынға дейін ол камбоджалық, үндістандық және ирандық балуандарды тізе бүктірген еді. Финалдық белдесуде Қытай спортшысы Лиу Делиді - 3:0 есебімен жеңді.