АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық маман Нұрмат Мырзабаев «Тараз» командасының бас бапкері қызметінен кетті.
Ол бұл лауазымға биыл маусым айында тағайындалған еді. Содан бері 7 кездесуде небәрі 5 ұпай жинап, турнир кестесінде небәрі 12-орынды місе тұтып тұр.
Нұрмат Нарманұлы 1972 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретінде «Тараз», «Ертіс», «Есіл», «Ақтөбе» секілді командаларда 301 матч өткізіп, 34 гол соққан. Қазақстан ұлттық құрамасында 16 ойында 1 мәрте мергендік танытқан.
Жамбыл футболының түлегі «Тараз» сапында Қазақстан чемпионы атанған.
2006 жылдан бастап бапкерлік қызметке кірісті. Осы күнге дейін «Тараз» футбол орталығында QJ League командаларының үйлестірушісі лауазымын атқарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік «Динамо» командасына ауысты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.