«Нұротандық» депутаттар облыс халқына үндеу жолдады

None
АҚТАУ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтауда өтіп жатқан барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшелерінің І облыстық форумында депутаттар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысы және дүниежүзілік қаржы дағдарысының салдарына қарсы шараларды іске асырудағы облыстық партия ұйымының міндеттерін талқылауда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форумды «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы Сергей Громов қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қорытынды құжат - Маңғыстау облысы «Нұр Отан» ХДП сайланған депутаттардың облыс тұрғындарына үндеуі қабылданбақ.«Әлемдік дағдарыс кезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен облыс әкімдігінің «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде 2008-2010 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары туралы» бағдарламасын іске асырудағы оң нәтижелер бұл шаралардың дер кезінде қолға алынғандығын көрсетіп отыр. Бұл шешім жүйелі түрде қадағаланып, табандылықпен жүзеге асырылуы тиіс», деп басталатын Үндеуде халық қалаулылары облыс тұрғындарын ортақ мүдде төңірегіне топтаса түсуге шақырды.«ҚР Үкіметінің «Нұр Отан» партиясы активімен кездесуде жария еткен «2009-2010 жылдарда экономиканы және қаржы секторын тұрақтандырудың іс-қимыл жоспарын» орындау ісі атқарушы органдар, мекемелер және кәсіпорындармен қатар облыстағы әрбір партия мүшесіне, сайлаушыдан, барлық тұрғындардан үлкен жауапкершілік пен қолдауды күтіп тұр. Дүниежүзілік қаржы дағдарысына байланысты Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған міндеттерінен туындайтын маңызды бағыттардың Маңғыстау облысында абыроймен орындалуына бір кісідей атсалысайық! Уақытша қиындықтарға ынтымақ пен бірлік аясында тегеуірін қойып, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін, халқымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін барлық күшімізді жұмылдырайық», делінген Үндеу мәтінінде.