АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңін жеңіспен бастады.
Алғашқы жекпе-жегінде ол бразилиялық Михаэль Тринидадпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында отандасымыз жинақы қимыл көрсетті. Қарсыласына көбірек соққы жұмсауға тырысты. Нәтижесінде қарсыласын қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды.
Аталған жарыста еліміздің ерлер құрамасынан тағы жеті боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдер құрамасынан Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) ел намысын қорғайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.