Нұрсұлтан Бекбатшаев қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицері Нұрсұлтан Бекбатшаев қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

«ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицері Нұрсұлтан Бекбатшаев қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды. Осындай қайсар жігіттеріміз жасасын!», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.