Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесубарысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамыныңдамуындағы негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізу үшінатқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы мәлімделді.

Атапайтқанда, ұсынылған есепке сәйкес, бірінші жарты жылдықтың таза пайдасы өткенжылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артып, 749 миллиард теңгені құрады.Операциялық пайда және сатудан түскен кіріс тиісінше 492 миллиард теңгені және3,3 триллион теңгені құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 36 пайызға және 12пайызға көп.

ЕлбасыҚордың оң дамып келе жатқанына тоқталып, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуғабағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға оның белсенді атсалысуы қажетекендігін атап өтті.

ҚазақстанныңТұңғыш Президенті «Қамқорлық» бастамасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалардықолдау мәселесіне назар аударды.

– Мемлекет,әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес-қоғамдастықтар тарапынан ерекшеқажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылуда. Бірақ,қазіргі таңда қызмет көрсетіп келе жатқан оңалту орталықтары нақтықажеттіліктің тең жартысын да қанағаттандыра алмауда. Сондықтан, осы бағыттағыжұмыстарды күшейту қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасыөңірлерде қолданыстағы инфрақұрылым негізінде көп бейінді оңалту орталықтарынқұру, сондай-ақ орта мектептерде инклюзивті білім беру ісін қолдау мақсатыменқосымша ресурсты кабинеттер ашу қажеттігін атап өтті.

–«Самұрық-Қазына» әрдайым қайырымдылық жобаларына қолдау көрсетеді. Сондықтан,холдинг осы бастаманы да жүзеге асыруға қатыса алады деп санаймын, – дедіНұрсұлтан Назарбаев.

Соныменқатар, Қорға еліміздің шалғай өңірлеріндегі аз қамтылған отбасыларынан шыққандарынды балаларды қолдау және дамыту үшін білім беру жобаларын жүзеге асырудыбастау тапсырылды.

Сондай-ақ,Елбасы медициналық орталықтардың материалдық базасын жақсартуға және саланыңкадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған медицина саласындағы жобаларды жүзегеасырудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар