Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің партиялық жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті мәслихаттар өздеріне берілген құқықтарды пайдалануы қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні мәслихаттар өңірлердің дамуына шынайыықпал ететін тетіктерге ие. Заңнамаға сәйкес олар бюджетті, жергілікті дамубағдарламаларын бекітіп, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылай алады. Әкімдергесенімсіздік таныту құқығына да ие болып отыр. Біз бұл құқықтарды қай жердепайдаландық? Қазір әкім мен фракциятөрағасы бір адам болған кезде тәртіп болмайтындығы айтылуда. Бөлу қажет. Менқазақтың жағдайын білемін ғой. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Содан тағыкеліспеушіліктер туындайды. Ал егер оны жасамайық десек, әкімдер негежұмыс істемейсіздер? Партия өз алдына,менің жұмысым мына жақта өз алдына. Егерондай болатын болса бер басқа адамға, партияның төрағасы емеспін деп шық», -деді Елбасы.

Осы ретте ҚР Тұңғыш Президенті барлық деңгейдегіәкімдерге партия жұмысына апта, ай сайынкөңіл бөліп, беделін арттырып отыру қажеттігін ескертті.

«Сендерді сайлаған солар. Егер шындығын айтар болсақ,фракциялардың көпшілігі бүгінде тиімсіз жұмыс істейді. Бюджет қабылданбастанбұрын мәслихатта қаралуы керек. Фракция жергілікті бюджетті мақұлдауы тиіс.Содан кейін барып қабылдауы қажет. Алматыда қолға алып едік, дұрыс болды», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар