Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі «Аяла» балаларды сауықтыру орталығына барды
Орталықты аралап көру барысында Мемлекет басшысы балалардың церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар мен стандарттары бар әлеуметтік-психологиялық және медициналық оңалту бағдарламаларымен танысты.
Орталықты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып, Швейцария, Чехия, Польша және Ресейдің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықтаған.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді.