Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемде мүлде жаңа формация қалыптасып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2007-2008 жылдардан басталған үлкен дағдарысты, басқасы басқа, дәл дамудың дағдарысы деп айтуға болады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Global Challenges Summit 2018 форумында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2007-2008 жылдардан басталған үлкен дағдарысты, басқасы басқа, дәл дамудың дағдарысы деп айтуға болады. Осы жерде көрсетілген фильмде адамзаттың дамуының 5 формациясы (қоғам дамуының белгілі бір кезеңі - авт.) туралы айтылды. Олардың соңғылары - капитализм, бесіншісі - социализм. Егер дұрыстап қарайтын болсақ, сарапшылар да айтып жатқандай олардың бәрі де шарықтау шегіне жақындап келеді. Біз оны көріп те, тыңдап та отырмыз», - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, әлемде қазір мүлде жаңа формация қалыптасып келеді.

«Алдыңғы формациялардың бәрі де қантөгістер мен соғыстар арқылы келді. Ал шынтуайтына келгенде сол соғыстар бүгін де - Таяу Шығыста, әртүрлі елдерде, Сирияда, Солтүстік Африкада, Иракта болып жатқан жоқ па? Демек, Global базасында дайындалып, бүкіләлемдік бірлестіктер талқылағаннан кейін ортақ шешім табуға біз катаклизмсіз қол жеткізе аламыз», - деді Президент.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Global Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысы басталды. XI Астана экономикалық форумы елордада 17-19 мамыр күндері өтеді