Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жыл сайын неліктен көктемде баратынын айтып берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев неліктен жыл сайын көктемде Алматыға баратынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, Елбасы кеше Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген сұxбаттарында Алматы сүйікті қалаларының бірі болып табылатынын атап өткен болатын. Алматы қаласымен оны не байланыстырады? Телерадиокешеннің мұрағаты бұл сұрақтың жауабын берер видео жариялады.

«Алматы көрікті де, жасыл, менің туған әрі сүйікті қалам. Шынымды айтсам, ол жаққа барғанда толқып тұрамын. Бұл біздің елдің көркем де, жап-жасыл шаһары. Біздің үйді бақ қоршап тұратын. Одан бөлек, үй іргесіндегі телімнің өзі жарты гектар аумақты алып жатты ғой деймін. Осынау жарты гектар бүкіл отбасыны асырап отырды. Бұл алмалы бақ еді. Алматыда алма ағаштары гүлдеген кезде айнала құлпырып кетеді. Міне, сол кезде мен міндетті түрде сонда барамын. Жыл сайын алмалы бақтың ішінде түскен фотосуреттерім бар. Бұл менің естелігімдегі өшпес әсер», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті.

Соңғы жаңалықтар