2018 жылы Вильнюс, Тюмень Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына байланысты әуежай халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен.
Ішкі бағыттағы жолаушылар көлемі де артып, осы уақыт ішінде 2,7 млн-нан аса жолаушы әуежай қызметіне жүгінген.
Ішкі бағыттағы танымал бағдарлар: Алматы, Шымкент және Атырау қалалары. Сондай-ақ, 2018 жылы Астана әуежайынан 30 мыңнан аса ұшақ ұшу сапарларын орындаған.
21:45, 10 Қаңтар 2019
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы 4.5 млн жолаушыға қызмет көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасап.