Нұрсұлтан Назарбаев: Барлық сайлаулар конституциялық мерзімде өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ішінде тәртіп бұзылуының салдары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Посткеңестік елдерден бастапАфрикаға дейінгі елдерді қарап көріңіз. Саяси тұрақсыздық кезінде біріншікезекте кім зардап шегеді? Экономика құлағандықтан, халықтың өмір сүру сапасыда төмендейді. Жұмыс істеуге уақыт жоқ – шулап, ортаға шығады. Демонстрация меншерулер... Тәртіп пен билік жоқ жерде – проблема шешілмейді. Әрбір адамныңқауіпсіздігі, елдің тұрақтылығы бұзылады. Өзекті мәселелермен айналысу шеттеқалады. Әрқашан шулап жүретін адамдарға тағы да бір айта кетейін, барлықсайлаулар конституциялық мерзімде өтетін болады. Осы тақырыпты жабайық», - дедіНұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Айта кетсек, елордада ҚР ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясыСаяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар