«Бір сөзбен жауап беру қиын деп ойлаймын. Маған дейін де көптеген данышпандар бұл сұраққа жауап берген. Билік дегеніміз не? Билік - ол жауыздық дейді. Ақша да адамға бақыт әкелмейді. Сондықтан осы кедергінің бәрінен арылып, қарапайым адам болып өмір сүру керек. Бақыт деген - осы. Бірақ біз, басшы болу, билік ету маңдайына жазылғандар, басқаша пікірлеуге тиіспіз. Сондықтан, мен бірнеше қырынан қараған болар едім. Билік - ол ең алдымен жауапкершілік. Лауазымың неғұрлым жоғарылаған сайын жауапкершілік те соғұрлым арта түспек», - дейді Мемлекет басшысы.
14:46, 31 Шілде 2018
Нұрсұлтан Назарбаев биліктің мәнін түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзіндіні жариялады. Видеода Елбасы «билік» деген сөздің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.