Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекке барды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мінген ұшақ Бішкекке барып қонды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік, бұл сапар аясында Президенттің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысуы жоспарланып отыр.