Нұрсұлтан Назарбаев «бұдан ары қарайғы мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын таныстырады
«Комиссияның бірінші отырысында (ҚР Президенті жанындағы Модернизация бойынша ұлттық комиссия) мен Ұлт жоспарын ұсынамын. Бұл - бұдан ары қарайғы мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы. Бұл тұрғыда бес институционалдық реформалар бойынша атқаратын жұмыстарымыз түсіндіріледі», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Н.Назарбаев бұл 100 қадам жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болатындығын және бір мезгілде жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған елдің құрамына ену бойынша жоспар екендігін атап өтті. Реформаларды жүзеге асыру - алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлттық нөмірі бірінші мақсат-міндет болмақ.
Айта кетейік, Елбасы ұлықтау рәсімінде жақын арада ҚР Президенті жанындағы Модернизация бойынша ұлттық комиссия құрылатындығына атап өтті.