Сондай-ақ, Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен хабардар болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады.
«Бұдан 10-15 жыл бұрын өзіміз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айналды», - деді Елбасы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған көпшілікке бақ-береке тілеп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ниеттестігін білдірді.
Серіктестік жылына 8-10 мың тонна алма өсіреді. Компания өз жұмысында бақ өсіру саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді қолданады.