Ертістің таяздану проблемасы көптеген теріс салдарлар әкеледі, ал осы жобаны жүзеге асыра отырып және кеме қатынасын жандандандыра отырып, бұл проблемаларды шешуге болады, деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.
Елбасының айтуынша, өкінішке орай, «трансшекаралық өзендерді ортақ пайдаланудың теңгерімді, кешенді әдісі жоқ және екі елдің үкіметтері осы проблеманы шешудің бірлескен жолдарын іздестіруі тиіс».