Нұрсұлтан Назарбаев дүниеде не қиын екенін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың ресми аккаунты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан үзінді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздің құзіретіңізде шешім қабылдау деген мəселе бар. Кейбір кадрды тағайындайсыз, кейбір кадрды босатасыз. Сол кадрды орнынан босатқан кезде, сеніміңізден шықпай қалғаны жаныңызға бата ма?» - деген сұраққа Елбасы «өмірде ең қиыны - кадр таңдау» екенін айтты.

«Жаныма батады... Баяғыда Бұқар жыраудан «дүниеде не қиын?» деп сұраған екен. Сонда ол: «көш бастау қиын емес, қонатын көл болса, қол бастау қиын емес, қол бастайтын ел болса, дүниенің ең қиыны - елдің алдына шығып сөз бастау» деген екен. Сол сияқты, мен үшін де, басқалар үшін де ең қиыны - кадр таңдау»,-деді Елбасы.