«Сіздің құзіретіңізде шешім қабылдау деген мəселе бар. Кейбір кадрды тағайындайсыз, кейбір кадрды босатасыз. Сол кадрды орнынан босатқан кезде, сеніміңізден шықпай қалғаны жаныңызға бата ма?» - деген сұраққа Елбасы «өмірде ең қиыны - кадр таңдау» екенін айтты.
«Жаныма батады... Баяғыда Бұқар жыраудан «дүниеде не қиын?» деп сұраған екен. Сонда ол: «көш бастау қиын емес, қонатын көл болса, қол бастау қиын емес, қол бастайтын ел болса, дүниенің ең қиыны - елдің алдына шығып сөз бастау» деген екен. Сол сияқты, мен үшін де, басқалар үшін де ең қиыны - кадр таңдау»,-деді Елбасы.