Мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, ұшақта БҰҰ 19 қызметкері болған.