Мемлекет басшысының кеңес берген бейнеролигін ҚР Президенті Телерадиокешені Фейсбукте жариялады.
«Қазір арықтағысы келіп жүрген адам көп. Тіпті арық адамдардың өзі де арықтай түссем дейді. Олар түрлі диеталар ұстанады: ет жеу зиян дейді, майды тіпті жолатпайды. Біз қазақпыз ғой, етсіз қалай өмір сүреміз? (...) Менің ұстанымым - адам ағзасы қалап тұрған тағамды жеуі керек», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Президент спортпен айналысу қажеттігін еске салды.
«Адам өзін-өзі күтуі керек. Дені сау ұлт болуымыз қажет. Жастарымыздың да осыған ұмтылып жүргенін білемін. Арнайы диета ұстанбаймын», - деді Президент.