«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма басшысы қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның жалғыз акционері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.





Ашық көздерден алынған фото