Бизнес лаундж халықаралық терминалдың үш қабатында орналасқан, ауданы 1250 шаршы метрді құрайды. Бұл көптеген қонақтарды жайғастыруға мүмкіндік береді. Онда компьютерлері бар жұмыс орны, келіссөздер жүргізуге арналған арнайы бөлме, душ бөлмелері, сонымен қатар рейстерді күту барысында уақыт өткізу үшін демалуға жайлы орындар бар.
Бұдан басқа, жолаушыларға тәулік уақытына байланысты түрлі тағамдар (таңғы, түскі және кешкі ас) мен сусындар ұсынылатын болады.
«Халықаралық жаңа бизнес лаундж Әуежайымыздың қызметтері пакетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ал жаңа ВИП лаундж аймағын ашу Әуежайды жаңа деңгейге көтеретін жаңа терминал жобасының маңызды бөлігі болып табылады! Біз барлық жолаушыларымызға ұсынатын сервистерді жақсартудың тұрақты процесіндеміз» - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.