Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізуге дайын

АЛМАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Елбасы 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындары өтетін Алматыдағы спорт нысандарының әзірлігімен танысу үшін бүгін Алматыдағы "Медеу" спорт кешенінде болды.

Онда елімізде алғаш рет өткелі отырған қысқы Азияда нысандарының кейбірі жаңадан салынып, кейбіреуі күрделі жөндеуден өткізілгенін айтты. Бұл жұмыстардың сапалы түрде озық технологиялармен жүзеге асырылғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандардың қазақстандықтарға ғана емес, Қазақстандағы туризм индустриясының дамуына да оң ықпалын тигізетін жеткізді. Жалпы, Астанада жалауын көтеретін Азияда ойындарының жабылу рәсімі Алматыдағы Медеу спорт кешенінде өтпек.