Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кубогының финалдық кездесуін тамашалауға келді
16:50, 10 Қараша 2013
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев футболдан Қазақстан кубогының финалын тамашалауға келді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Астана Арена» стадионында өтіп жатқан ақтық сында қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» бақ сынасуда.
Сондай-ақ матчты тамашалуға УЕФА президенті
Мишель Платини, аталмыш ұйымның вице-президенті, Украина футбол федерациясының бұрынғы басшысы Григорий Суркис және Ресей футбол одағының басшысы Николай Толстых келді.