Нұрсұлтан Назарбаев келешегі жоқ ауылдар туралы айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Болашағы жоқ ауылдардың тұрғындарын келешегі зор елді мекендерге көшіру қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен бюджет қаражаты келешегі жоқ елді мекендерді ұстауғажұмсалады. Іс жүзінде олар тоғышарлар. Бізде 7,7 мың елді мекеннің бар екенін,оның 1,8 мыңының келешегі зор екендігін, соларға назар аудару қажеттігін айтқанболатынбыз. Біздің даламыз өте үлкен, кең. Ана төбенің түбінде бір ауыл бар, ол жерде 10 үй бар. Мынаутөбенің астында 50 үйлі бір ауыл бар. Қайсысына біз жол апарамыз, қайсына мектеп, ауруханасаламыз? Айтыңыздаршы, 10 үйүшін аурухана немесе мектеп салуымыз керек пе? Бұл өнімсіз», - деді Елбасы.

Осы ретте,Қазақстанның ТұңғышПрезиденті Австралия мен Канаданың да жер көлемі үлкен екендігін еске салды.

«Біз орталық бойынша дамимыз. Бұл ешқандай жағдай жасалмайдыдегенді білдірмейді. Кеше Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысы – Мамин) біз осы бағытта жұмыс істепжатқанымызды баяндады. Оларды келешегі бар өңірлерге көшіру қажет. Ол жерлерде мектеп, аурухана салынып, жолтүседі, инфрақұрылым жасалады», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының пайымынша, бұл мемлекетке арзанға түседі.

Соңғы жаңалықтар