Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отынбаеваға жеделхат жолдады

None
СТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отынбаеваға жеделхат жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Қырғыз Республикасында референдум өткізілуін құптайды және оның қорытындылары елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтындырудың басы болады деген үмітін білдіреді деп атап өтілген

«Қазақстан көрші мемлекеттегі жағдай қалыпты арнаға түсуіне шынайы мүдделі және экономика мен саясаттағы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларындағы реформаларды жүргізу тәжірибесімен бөлісуге және бауырлас елге көмек көрсетуге әзір.

Біз Қырғызстанның саяси күштерін ел экономикасын қайта түлетуге және халықтың өзекті әлеуметтік проблемаларын шешуге күш-жігерін біріктіруге шақырады», - делінген жеделхатта.