Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік басқару ісіне қатысты пікір білдірді
«Бізде басқарудың президенттік түрі. Конституцияда басқарудың президенттік нысанындағы республика деп жазылған. Француздық президенттік билік біршама қатаңдау. Бізде қандай бар, сондай. Оны әртүрлі айтып жатады, диктаторлық немесе автократтық дейді. Бұл біздің жағдайымызды, біздің өмірімізді, жалпы газеттен ғана оқып, ештеңені де білмейтіндердің мылжың сөзі. Сондықтан да біздің еліміз үшін біздің бүгінгі билік дұрыс», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы жағдай өзгерер болса басқа сатыға көшетіндігімізді де баса айтады. «Сондықтан да экономиканы нығайту, орта тапты көтеру қажеттігін тағы да бір мәрте айтқым келеді. Содан кейін ел тұрақты болуы, дамуы және оның меншігі сақталуы үшін алға қарай ілгерілеу керек», - деді Президент.
Сонымен қатар Ұлт көшбасшысы Конституцияға жеке меншікке қол сұғылмайтындығы жазылу керектігін атап өтті.
«Бізге Конституцияға жеке меншікке қол сұғылмайтындығы туралы тармақ қосатын уақыт жетті. Ешкім де адамның жеке меншігіне қол сұға алмайды. Менің жеке пәтеріме, менің жеке үйіме ешкімде рұқсатсіз кіре алмайды. Олай болмаса бейберекеттік орын алады. Күштілер әлсіздердің қолында барын тартып алатын болады», - деді Назарбаев.