«Қазіргі заманғы әлемде бір кездері алған біліміне ұстанып тұрғандар емес, үнемі тоқтаусыз білімін жетілдіретіндер ұтады. Маған университетте қалай президент болу керектігін ешкім үйреткен жоқ. Заман талабына төтеп беру үшін күні-түні біліміңді шыңдау керек. Естеріңізде сақтаңыздар, өзгерістерге дайын адамдар ғана ұтады. Яғни зерттеушілердің, инвесторлардың тілін түсінетіндер ғана жетістіктікке жететіні анық»,-деді Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті түлектерін құттықтау барысында.
Осы орайда Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастарға негізделген барлық басымдықтар қамтылғанын еске салып өтті.
Айта кетейік, Елбасы биыл Назарбаев Университетін тәмамдаған түлектерді құттықтап, докторантура бағдарламасының алғашқы тоғыз түлегіне дипломдарын табыстады.