Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдерді проблемаларды жасырмауға шақырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдер мен министрлер орын алған проблемаларға қатысты халық алдына шығып, жауап беруден қорықпауы керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше,орын алып отырған проблема жайында үндемей қалу – жұмыстың ең нашар нұсқасы. Адамдардантығылмай мән-жайды анықтап, жауапкершілікті мойынға алу керек. Бізде халыққашығып, бұл сұрақтарға жауап беруден қорықпайтын, проблемаларды шешетін әкімдерде, министрлер де бар. Бердібек Мәшбекұлы (ҚР Үкімет басшысының орынбасарыСапарбаев),вице-премьер болып тағайындалуыңмен құттықтаймын. Баяғыдан бері осы жер сеніңорның еді. Төртоблыста әкім болдың. Соның бәрін көрдің. Бастағанкезде халықтыңарасында жүрдік сол уақытта. Елменсөйлесіп жүрдік. Айтқанымызды ел түсініп жүрді», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасы шағынпроблемалардыжедел шешу қажеттігіне назар аударды.

«Адамдарды өміріндегі ең кішкентай мәселелертолғандырады. Мәселен, су жоқ. Бұл әкім үшін деңгей емес қой, иә? Суменайналысудың қажеті қанша? Аладамдар үшін – бұлөмірінің мәні. Ауылда жол жоқ. Бұл ол үшін – өмірі, ал біздер үшін – болмашы нәрсе. Біздер жаһандықмәселелерге құлаш сермейміз. Сондықтан адамдарға жақын болу керек. Партияныңқоғамдық қабылдаулары жұмыс істеуі тиіс», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар